Шымкенттен Астанаға бет алған ұшақтың жолаушысы көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Шымкент-Астана бағытындағы рейске шыққан «Эйр Астана» АҚ ұшағының бір жолаушысы қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі компанияның корпоративтік коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.

Шымкенттен Астанаға бет алған ұшақтың жолаушысы көз жұмды

«Бүгін Шымкент-Астана бағытында рейске шыққан КС 352 ұшағындағы  жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауына байланысты ұшақ әуежайға қайтып оралды. Бортта әуе компаниясының қызметкерлері тарапынан барлық тиісті шаралар жасалды», - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Ұшақ жерге қонысымен жедел жәрдем қызметкерлері науқасты қарап, оның қайтыс болғанын анықтады. Әуе компаниясы қайтыс болған азаматтың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.