Шымкенттен Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 900 тонна арматура жіберілді

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Өткен түні Шымкент қаласынан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде металл арматуралары жіберілді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Теміржол құрамына көршілес мемлекеттегі ғимарттардың қалпына келтірілуіне арналған әртүрлі көлемдегі құрылыс арматуралары тиелді.

«Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде, Қырғызстан Республикасының саяси тұрақтануы мен экономикасының тезірек қалпына келуі үшін қажетті шаралардың барлығын қолға алып жатыр», - дейді ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық қор жөніндегі комитет филиалының директоры Асқар Сматілдиев.

103 млн. 500 мың теңге тұратын арматураны алу үшін бөлінген қаражат Үкімет резервінен Төтенше жағлайлар министрлігі арқылы жүзеге асқан.

Соңғы жаңалықтар