Шымкентті жасыл мегаполиске айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз - әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент стартап пен инновациялар қаласына айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
None
None

«Шымкент - елімізде дамытылуы тиіс 4 агломерациялардың (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе) бірі. Мұнда өңірдің өнеркәсіптік және ғылыми әлеуеті шоғырланады. Тиісті инфрақұрылым салынады. Біз Шымкент қаласын жақын аудандар үшін дамудың көзі, адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы, қауіпсіз, таза, жасыл мегаполиске айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Оның дамуы басқа қалалар мен аудандарға да өз әсерін береді. Біз Шымкенттің зияткерлік орталыққа, стартаптар мен инновациялар қаласына айналғанын қалаймыз», - деді облыс әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, Шымкент жақын жылдары бюрократиядан арылады.
«Біз «ақылды қала» дегенімізде, халыққа ең үздік жағдайларды қаматамасыз ету дегенді білдіреміз. Ресми істерді, бюрократияны жоюды, ешбір бюрократиялық кедергілерсіз, делдалдарсыз қызметті мейлінше тез әрі толық беру деп білеміз. Біз негізінен, мемлекеттік қызметтерді және ақпараттарды автоманттандыруға мән береміз», - деді ол.
Әкімнің сөзі бойынша, қалада қауіпсіздік мәселесінде де үлкен өзгерістер орын алмақ.
«Біз биыл 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлдік, ол «ақылды көше» мен «ақылды аула» жүйелерін енгізуге жұмсалатын болады. Жергілікті полицияның құрылуына байланысты қала бойынша арнайы пунктер ашылып жатыр. Бүгінде қала аумағы 117 мың гектарды құрады. Бұл - өте үлкен аумақ», - деді Б.Атамқұлов.

Соңғы жаңалықтар