19:11, 15 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Шымкенттік 54 отбасы жалдамалы пәтерлерге қоныстанды
ШЫМКЕНТ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте муниципалдық үйлерден пәтер алу үшін кезекте тұрған 54 отбасы баспанаға ие болды.

Олар енді «Нұрсәт» шағын ауданында жалдамалы пәтерлер салу бағдарламасы арқылы бой көтерген 9 қабатты үйде тұратын болады.
«Өткен жылы біз 61 пәтер, ал биыл 54 пәтерді пайдалануға бердік. Бағдарлама әрі қарай іске аса береді», - деді Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев.
Қоныс тойын тойлап жатқандардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, көп балалы ата-аналар мен мүгедектер бар. «Бұл үй мемлекеттің көмегіне зәру адамдарға ғана беріледі», - деп атап өтті қалалық ТКШ секторының меңгерушісі Гүлнар Әшірбекова. Сонымен қатар ол жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы республикалық бюджеттің қаражатына салынып жатқанын, халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын бөлігіне арналғанын жеткізді.