17:21, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Шымкенттік балалар Байқоңыр ғарыш айлағында болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар үйі тәрбиеленушілерінің бір тобы Байқоңырда болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар - еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен Байқоңыр қалалық әкімшілігі бірлесіп өткізген ғарыш тақырыбындағы жас суретшілер байқауының жеңімпаздары. Ең алдымен жұлдызды қалашықтың көрікті жерлеріне саяхат жасаған балғындар халықаралық ғарыш мектебіндегі оқу бағдарламасымен танысып, Қорқыт бабаның рухына тағзым жасады. Ғарыштық зымырандар ұшырылатын кешендік құрылымдарды тамашалады. Жергілікті атқару билігі тарапынан балғын қылқалам шеберлеріне әлемге әйгілі айлақтан ескерткіш сыйлықтар табысталды.