Шымкенттік балалардың туындылары Астанадағы көрмеге қойылды (ФОТО)

Көрмеде ЮНЕСКО клубы - балалар көркемсурет мектебі, Шымкент қаласы жалпы білім беру мектептерінің және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының туындылары мен тәрбиеленушілерінің дипломдық жұмыстары көрсетілді. Барлығы жүзден аса еңбек қойылды. Шара жасөспірімдер мен балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді. «Бүгін біз дәстүрге айналған балалар шығармашылығын ұйымдастырудамыз, мұны әрдайым балаларды қорғау күні қарсаңында немесе оны атап өту кездерінде өткіземіз. Балалар шығармашылығын әр қырынан көрсеткіміз келеді. Балаларды қорғау деген түсініктің өзі олардың шығармашылыққа, өз сезімдерін, эмоцияларын білдіру еркіндігіне құқықтарын қорғауды, ең бастысы, қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде қоршаған ортаны дербес сезіну құқығын қорғауды қамтиды», - деді мұражай директорының орынбасары Күлайша Ақтаева. Сондай-ақ ол көрменің 6 шілдеге дейін жұмыс істейтінін атап өтті. «Мұражайға келушілер Қала күніне дейін көрмені тамашалай алады. Балалар шығармашылығына арнайы зал бөлдік. Кез келген тілек білдіруші қойылған еңбектермен таныса алады», - деп түйіндеді К.Ақтаева. Көрменің ашылуы аясында шеберлік сыныптары өтті, онда тәжірибелі педагогтар Балалар көркемсурет мектебінің оқушыларымен өз білімдерін бөлісті.