14:00, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Шымкенттік кәсіпкерді өлтіруге қатысты қылмыстың беті ашылды
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ОҚО криминалдық полициясы Шымкенттің 42 жастағы кәсіпкерін өлтіруге қатысты қылмысты ашты. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Айта кетейік, оның пышақталған мәйіті қазан айының соңында өзінің жеке дүкенінде табылды. Дүкеннен 1 млн. теңгеге жуық қаржы ұрланған. «Жедел іздестіру шаралары барысында 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол кәсіпкерді пайда табу мақсатында өлтіргені анықталды», - деді ресми өкіл. Күдікті жәбірленушіде бұрын жұмыс істеген және дүкен кассасында осындай сомада қаржы бар екенін білген.