12:56, 24 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Шымкенттік кәсіпкерлер бизнесті басқарудың ең әйгілі бағдарламасын игереді
АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шымкентте 27-желтоқсанда Іскерлік әкімшілікті дамыту орталығы ашылады. Бұл шараны Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Орталық Азия аумағындағы бизнес білім беру саласындағы жетекші жоғары оқу орнының Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы жанында құрылатын бұл орталығы аймақ кәсіпкерлерінің бизнесті басқару саласындағы ең әйгілі және ең қымбат бағдарлама саналатын Іскерлік әкімшілік магистрі (МВА) білімін Шымкентте-ақ игеруіне мүмкіндік бермек. Онда МВА-дан бөлек Pre-МВА бағдарламасы да оқытылады. Тақырыптық, салалық семинарлар, тренингтер және сертификатталған біліктілікті жетілдіру курстары өткізіліп, МВА сияқты білім беру бағдарламалары толықтай қазақ тілінде жасалады. Орталықтағы алғашқы бизнес-тренинг қаңтар айында өтпек. Қазір онда Іскерлік әкімшілік магистрін оқытуға топтар жинақтау жұмысы басталып та кетті.