20:56, 27 Қазан 2016 | GMT +6
Шымкенттік мұнай өңдеу зауыты қаладағы ауаның ластануына қатыстылығын жоққа шығаруда
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Петро Қазақстан ОйлПродактс» ЖШС Шымкенттегі жағымсыз иіске олардың қатысы жоқ деп санайды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Кәсіпорында 8 қазанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгені жайлы хабарлады. Өндірістің барлық технологиялық жабдықтары орнатылды.
«Зауыт цехтары мен құрылымдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауаны ластайтын заттар шығарылмады. Зауыт аумағындағы және санитарлық-қорғаныс аумағындағы ауаның санитарлық жағдайы ҚР нормаларына сәйкес», - деп хабарлады кәсіпорында.
Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК Шымкенттегі жағымсыз иіске күкірт себеп болмағанын айтты.
«Азот диоксиді, формальдегид, күкіртті сутек бойынша ауытқу байқалды. 1 есе, 1,5 есе болды, бұл ауаның жоғары ластануына жатпайды. Барлығы нормаға сәйкес», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК қоршаған ортаның ластануы бойынша зертхана басшысы Гүлнар Мәуленова.