Шымкенттіктер Наурыз мейрамын жаңа алаңда алғаш рет мерекеледі (ФОТО)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мыңдаған шымкенттіктер бүгін Наурыз мерекесін жаңа алаңда алғаш рет тойлады. Мерекелік шараға аймақ аудандарының адамдары да келіп қосылды.
None
None

«Оңтүстік өңір осыншалықты түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті тұрып, Наурыз мерекесін бірге атап өтіп жатқанын мақтан тұта алады. Барлығыңызды молшылық мерекесімен құттықтаймын!», - деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов. Әкімнің құттықтау сөзімен ашылған мерекелік шарада би биленіп, ән шырқалды, сондай-ақ ұлттық киім киген қыз-келіншектер келушілерге наурыз көжеден дәм татуды ұсынды. Мерекелеушілерді сонымен қатар Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды да құттықтады. «Барлығыңызды мерекемен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, молшылық, бақыт тілеймін. Жақсылықтарыңыз бен қуаныштарыңыз мол болсын, Наурызды жақсы тойлатыңыздар. Мен де бұл айтулы мерекені өз отбасыммен қарсы аламын», - деді ол. Жаңа алаңға орнатылған киіз үйлерінде осы аймаққа тиесілі әрбір аудан шымкенттіктер үшін ұлттық тағамдар дастарханын жайды. Сондай-ақ халық арасынан шыққан қолөнер шеберлерінің көрмесі де көпшілік көңілінен шықты. Әсіресе, тірі гүлдерден жасалған суреттер, киіз үйлер мен қуыршақтардың көрмесі жұртшылықты таңдай қақтырды.

Соңғы жаңалықтар