09:14, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Шымкенттің балабақшасынан өрт шықты
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 06.58-де Шымкентте «Қазына» балабақшасының екі қабатты ғимаратында (аумағы 1737 шаршы метр) өрт болды.

Өрт балабақша ғимаратының бірінші қабатынан шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Өрт сағат 08.03-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 110 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.