Шымкенттің қоныс колониясынан қашқан жазасын өтеуші Алматыда ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде, 21 қазанда Алматыда Шымкенттегі қоныс колониясынан қашқан жазасын өтеуші ұсталды, деп хабарлады ІІМ ҚАЖ комитетінен.
«36 жастағы азамат ұрлық жасағаны үшін Шымкент қаласындағы қоныс колониясында 4 жыл 9 ай жазасын өтеген. 18 қазанда, еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланған ол белгісіз бағытта бой тасалап үлгереді. ҚАЖ қызметкерлерінің жіті іс-әрекетінің арқасында «қашқын» Алматы қаласында қолға түсті», - деп атап өтті ІІМ ҚАЖ комитетінен.
Аталмыш факті бойынша тергеу басталды.