20:10, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Шымкенттің «Нұрсат» ықшам ауданында газ сөндірілді
МКЕНТ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкенттің «Нұрсат» ықшам ауданында газ сөндірілді - 3 мыңнан астам абонент көгілдір отынсыз қалды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Нұрсат» ықшам ауданында құбырда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымдағы 57 мм. диаметрлі газ құбыры газының жануы орын алды», - делінген ТЖД таратқан хабарламада. Зақым келген учаске магистральден ажыратылды.
3 мың 152 абонент газсыз қалды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 40 адамдық апат бригадасы мен газ желілері қызметінің 9 адамы нысанда жұмыс істеуде. Олардың айтуынша, абоненттердің жартысына бүгін газ берілуі ықтимал.