Шымкенттің Орталық саябағын жаңғыртуға 82 млн. теңге бөлінді

ШЫМКЕНТ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталық саябағын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оны өткізу жұмыстарына бюджеттен 92 млн.теңге бөлінген.
None
None

Жұмыстар өткен жылы басталған. Әкімдікте бір айдың ішінде қалалықтар Шымкенттің дәл орталығында жаңартылған демалыс аймағында тынығатындарына уәде етті. «Бұл жерде біз үлкен гүлзар жасаймыз, орталықта саябақтың атауы жазылған маңдайша жазу болады. Бұдан басқа, саябақта үлкен фонтан саламыз. Оның құрылысына соңғы технологиялар қолданылады», - деді Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің абаттандыру секторының меңгерушісі Ерубай Құралбаев.

Оның айтуынша, жаңғыртуға бөлінген 82 млн. теңгенің жартысы игеріліп үлгерді. Е.Құралбаев атап өткен нысандар қаланың орталық көшесі - Тәуке хан атындағы даңғыл жақта орналасатын болады. Бұл үшін бірқатар жекеменшік ғимараттар, соның ішінде саябаққа көріністі жауып тұрған мейрамханалардың бірі құлатылды.

Соңғы жаңалықтар