Шымкенттің шамамен 150 студенті «тимуршылар» қатарына жазылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің шамамен 150 студенті «тимуршылар» қатарына жазылды.
None
None

«Шымкент Жастары» КМК директоры Абзалбек Убельтаев айтқандай, биыл «тимуршылар» атануға ниет танытқандардың қатары артты.

«Өткен жылы жобамызға 100 адам қатысқан. Биыл студенттер өздері жобаны жалғастырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсетуге ниет танытты. Олардың қатары да қалыңдады», - деді Абзалбек Убельтаев.

9 мамырға дейін 70-тен астам ҰОС ардагерлеріне көмек көрсету жоспарланған. Шымкентте 10 адамнан тұратын 15 команда жұмыс істейтін болады. Ардагерлердің кейбіреулері пәтер мен үйді жинауға, кейбіреулері аула мен бақшаны қалыпқа келтіруде көмекке мұқтаж. Бастаманы көтерген адамдардың айтуынша, «тимуршылар» кез келген істе қолғабыс болуға әзір. Сондай-ақ студенттер ескерткіштердің маңын жинауға белсенді түрде қатысады. Олар өткен жылғыдай ҰОС арналған ескерткіштерді ластан тазартады.

Соңғы жаңалықтар