Шымкенттің тағы бір дүкенінде тегін нан таратылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тағы бір дүкен «Тегін нан» акциясына қосылды. 11-шағынауданындағы «Мадина» дүкенінде мұқтаж жандарға тегін нан беріледі.
None
None

Тегін нанды кез келген адам ала алады. Сатушылардың айтуынша, ол үшін ешқандай құжат көрсетудің қажеті жоқ. Дүкен иелері адамдар бұл акцияға түсіністікпен қарап, тегін нанды тек аса мұқтаждар ғана алып жатыр дейді.

Еске салайық, қаңтар айында қаладағы дүкендердің бірі тегін нан таратуды қолға алған болатын. Сайрам және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы дүкен иелері әр жұма күні нанды тегін таратуда, деп хабарлады otyrar.kz.

Соңғы жаңалықтар