Шыңғырлау ауданының әкімі ауысты

ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алдияр Сансызбайұлы Халелов Шыңғырлау ауданының әкімі болып тағайындалды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2 желтоқсанда облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетов Шыңғырлау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХХII сессиясына қатысып, депутаттарға Шыңғырлау ауданы әкімі лауазымына Алдияр Халеловтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар облыс әкімінің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Облыс басшысы осы күні жаңа әкімді аудан активіне таныстырды.

А.С.Халелов 1958 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.

1981 жылдан 1988 жылға дейін Приурал ауданының Желаев аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігінде инженер-гидротехник, кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. 1988-1990 жылдары осы ауданның М.Мәметова атындағы колхозы партия комитетінің хатшысы. 1990 жылдан 1996 жылға дейін Трекин ауылының әкімі болды. 1996-1997 жылдары Зеленов ауданы әкімінің орынбасары, 1997-2002 жылдары Зеленов ауданы әкімінің орынбасары - Дариян ауылының әкімі қызметін атқарды.

2002 жылдан осы кезге дейін Зеленов ауданы әкімінің орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар