23:19, 09 Қазан 2017 | GMT +5
Шыңғыс хан туралы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шыңғыс ханның ұрпақтары» атты моңғол фильмі «Оскар-2017» сыйлығына үміткер, деп хабарлайды montsame.mn.

«Шыңғыс ханның ұрпақтары» фильмі «Үздік шет тіліндегі фильм» номинациясы бойыншы сынға түспек.
Аталған номинацияға әлемнің 92 елінің үздік туындылар қатысуда. Финалистер 2018 жылғы 4 наурызда анықталатын болады.
Моңғол кинорежиссері Д.Золбаяраның фильмі бүгінгі моңғол халқының мәдениеті мен тыныс тіршілігін баяндайды.
Фильмнің тұсаукесері Улан-Батыр қаласында10 қазанда өтеді.