«Шыңғыстау-2014» жәрмеңкесінде 690 млн.теңгенің келісім-шарты жасалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында «Шыңғыстау-2014» республикалық көрме-жәрмеңкесі өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
None
None

Абай жерінде өткен шараға республикамыздың 6 өңірі және Ресей, Қытай, БАӘ, Моңғолиядан өкілдер келіп қатысты. Шығыс Қазақстан жерінде республикалық асыл тұқымды мал жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Биыл оған 119 шаруашылықтан 215 ірі қара мал, 1000 қой, 50 жылқы әкелінді. Ал жәрмеңге барысында шаруалар арасында құны 690 млн. теңге болатын 115 келісімшарт жасалды. Сонымен қатар олар жәрмеңкедегі жоспардан тыс, қосымша шаруашылықтан 3 850 бас ірі қара мал, 71 100 қой, 300 жылқы сатуды ұсынды. Еске сала кетейік, ШҚО ауыл шаруашылығында мал өсіру жағында республика бойынша алдыңғы орында. Ал марал шарушылығында еліміздегі бірден бір өңір - осы шығыс елі. Аймақтың омарташылары мен сүт фермерлері республика бойынша бірінші, ет өндіру жағынан екінші орында тұр. Бүгінгі жәрмеңке өткен ғасырдағы Қоянды жәрмеңкесінің дәстүрлі жалғасы десе де болады. Өйткені ол кезде де Сібір, Орал, Орлатық Азия мен Қытайдың шаруалары жәрмеңкеге қатысатын болған.

Соңғы жаңалықтар