Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы: Қазақстан Конституциясы тұрақтылықты қолдап, халықты жұмылдырады (ФОТО)

«Тұрақтылықты қолдау және халықты жұмылдырудағы негізгі құқықтардың қорғау қызметі. Қазақстан Республикасының Конституциясы үлгісінде» атты ғылыми еңбекті Оңтүстік-Шығыс университетінің (Нанкин қаласы, Цзянсу өлкесі) профессоры, заң ғылымдарының докторы Чжоу Чжунсю жазған.
«Кеңестік республикалардың бірі болған Қазақстан 1990 жылдың қазанында ҚазКСР-нің «Мемлекеттік егенмендігі туралы декларацияны, ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанда 131 ұлт өкілдері тұрып жатыр, 30-дан астам діни конфессия бар. Орталық Азия өңірін «түрлі-түсті төңкеріс» қамтыған кезеңде көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанда тұрақтылық сақталды. ҚР посткеңестік кеңістіктегі барынша дамыған елдердің біріне айналды, оның экономикалық әлеуеті барлық орталықазиялық өңірдің 70 пайызын құрайды. Мұндай табысқа көптеген факторлар әсер етті. Оның ішіндегі ең маңыздысы барынша теңгерімді әрі салыстыра тексерілген Конституция болғаны сөзсіз», - делінген мақалада.
Қытай зерттеушісінің пайымынша, халықтың тұрақтылығы мен бірлігі теориясының негізі ҚР Конституциясында бекітілген егемендік пен азаматтық тұжырымы болып саналады.
«Қазақстан Конституциясы бейбітшілік пен бостандық идеясы негізінде елдің ұзақ уақыт бойы әрі тұрақты гүлденуінің іргесін қалады (...). ҚР Конституциясында әмбебап адамзат құндылықтары көрініс тапқан және еркіндік, тең құқылық және үйлесімділік идеалдарынан адал. Ал бұл ел халқына бірлік пен ұйымшылдықты сезінуге мүмкіндік береді», - деп жазады Чжоу Чжунсю.
Автор мақаласында Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамбелясының 10-шы сессиясында сөйлеген сөзінен үзінді келтіреді: «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім - бұл белгілі бір халықтың қандай да бір ерекше табиғатының нәтижесі емес. Өкінішке орай, Қазақстанның ұлтық тарихы мұндай кез келген мемлекеттік өткен тарихындағыдай ұлтаралық қанды жанжалға толы. Біздің ұлттық келісіміміз - осы жылдар ішіндегі азаматтық қоғам институттарының қолдауымен мемлекеттің жүргізген ауыр жұмыстарының нәтижесі».
Мұнан ары ол этносаралық үйлесімділік мен конфессияаралық келісімде сақтауға сүбелі үлес қосып келе жатқан ҚР Конституциясының мынадай баптарын атап өткен: 1 бөлім, 1-бап - Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары; 12 бөлім, 2-бап - Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 7-бап - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Мақала авторы Қазақстан Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қолдаудағы маңызды мемлекеттік орган ретінде Президент, Парламент, Үкімет, соттармен қатар ҚР Конституциялық кеңесін атап өткен.
«ҚР Конституциясы өзіне егемендік пен азаматтық теориясын сіңіріп, халықтың бірлігі мен ынтымағының мығым іргетасына, елдің гүлденуінің негізіне айналған»,- дейді автор.