Шыңжаңда Құрбан айт мерекесіне орай 5 күн ақылы жолдар тегін болады - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.
None
None

Шыңжаңда Құрбан айт мерекесіне орай 5 күн ақылы жолдар тегін болады - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null 

ҚХР Шыңжаң өлкесінде құрбан айт мерекесіне орай 5 күн демалыс берілді. Осы мереке күндері Шыңжаңдағы ақылы жолдар жеңіл көліктер үшін тегін болмақ, деп хабарлайды қытайлық kazakh.people.com сайты.

«Шыңжаң өлкесінің Автожол басқармасы құрбан айт мерекесінде 5 күн ақылы жолдарда жеңіл көліктер үшін тегін жүруге рұқсат берді. Бұл жеңілдік халыққа мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлау үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, мереке кезінде Шыңжаңдағы автожолдарда көлік ағынының артуы орын алады. Ақылы жолдардың ашық болуы көлік кептелісін азайтады», - деп хабарлайды аталған сайт.

МАГАТЭ Қазақстанда уран сақтайтын банк ашты - «Фарс» ақпарат агенттігі
null 

«Төмен дәрежеде байытылған уран сақтайтын банкі Қазақстанның Өскемен қаласында ашылды. Бұл банктің сақтау сыйымдылығы жалпы 90 тонна ядролық отын деп жарияланды. Қазақстанда ядролық отын сақтау банкін ашудағы мақсат осы уақытқа дейін ядролық өнеркәсіпке ие болмаған елдерде уран байыту жұмыстарының басталуының алдын алу деп жарияланды», - деп жазады parstoday ақпарат агенттігі.

Осыған қатысты МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкио Амано мәлімдеме жариялап: «Уран банкі әлсіз байытылған уранды ядролық отын өндіру үшін атом стансаларында қолданғысы келетін елдерді сендірудің соңғы механизмі болып отыр», - деді.

«Әлемдік алпауыттар тарапынан қалыптасқан шектеулерге байланысты Қазақстанда әлсіз байытылған уран сақтау банкін ашу бірнеше қырдан маңызды: біріншіден, бұл - толығымен ойластырылған қадам. Соның нәтижесінде атом қуатына ие елдер болашақта басқа елдердің уран байытуға, әсіресе атом өнеркәсібіне ие болуға ұмтылуына кедергі жасайды; екіншіден, бұрын атом қуатына ие болған Қазақстан аймақ елдерінің, әсіресе Кеңес одағынан қалған елдердің уран байытуға ұмтылуына тосқауыл болады; үшіншіден, әлсіз байытылған уран сақтау банкін ашу МАГАТЭ-ні бақылаушы ұйымнан ядролық өнімдермен қамтамасыз ететін негізгі ұйымға айналдырады. Шын мәнінде, уран байыту болашақта бір елде немесе тек бірнеше елде ғана шоғырланатын болады. МАГАТЭ-нің әлемнің басқа аймақтарында да осындай банктер ашуды күн тәртібіне қойып отырғаны анық», - деп жазады ирандық БАҚ.

Мамандар қазақ жылқысының өзге тұқыммен будандаспағанын айтты - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNK)
null 

Қытайдың мал шаруашылығы қоғамы мен Шыңжаң өлкелік мал шаруашылығы басқармасының мамандары Алтай аймағының Көктоғай ауданына арнайы келіп, Алтай (қазақ) жылқысына зерттеу жасады, деп хабарлайды kazakcnr.com сайты.

«Мамандар тобы Көктоғай ауданының Ақсала жайлауына барып, Алтай жылқысы үйірін көріп, жылқы тұқымына сараптама жасап, тұқым сұрыптау, жылқы тұқымын жақсарту бағытында жұмыстар жасады. Алтай жылқысының сүт, ет беру ерекшелігін, тұлғасын, сапалық деңгейін бағалап, жан-жақты ғылыми-зерттеу жүргізді», - деп жазады аталған дереккөз.

Қытай аграрлық университеті жанындағы Хайуанаттар ғылымы институтының профессоры Хан Гөсәй тексеру қортындысынан кейін қазақ жылқысының таза қанды, өз тұқымын сапалы сақтап қалғанын алға тартты. «Біз зерттеп, талдау арқылы Көктоғай ауданында қазақ жылқысы үйірінің мол, санының көп екендігін байқадық, қазақ жылқысы өзге тұқыммен будандаспаған, сапасы жақсы, ғылми зерттеуге татиды. Зерттеу барысында көптеген құнды деректерге ие болдық», - дейді профессор.
null 

Ашхабадтағы жылқының бас мүсіні Гиннесс рекордтар кітабына енді - ТРТ
null 

Ашхабат Олимпиада комплексі аясында салынған жылқының бас мүсіні мен жабық су спорттары орталығы Гиннесс рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды TRT.

Аталған ақпарат көзінің жазуынша, 17-27 қыркүйек күндері арасында болып өтетін 5-ші Азия ойындары аясында түрік фирмасы салған Ашхабад Олимпиада комплексі ішіндегі Олимпиада стадионын бейнелеген жылқының бас мүсіні мен жабық су спорттары орталығы Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ашхабад Олимпиада стадионын бейнелеген жылқының бас мүсінінің биіктігі 40,05 метр, ені 37,69 метр болып, әлемнің ең үлкен жылқы мүсіні ретінде Гиннесс ұйымы тарапынан тіркелгені атап көрсетілді.

Ашылу рәсімінде жылқының бас мүсінінің үлкендігіне қоса, көркемөнерлік көрінісімен де назар аударды. 17 қыркүйек күні өткізілетін 5-ші Азия ойындары ашылу рәсімінде олимпиада алауының эстафетасы, жылқының басына орнатылған платформада жағылмақ.

Ахалтеке жылқылары Түрікменстанда мәдени мұра ретінде қабылданады. Президент Гурбаноглы Бердімұхамедов ахалтеке жылқыларының генетикасының сақталуы, танытылуы және жылқыны қолда ұстауға аса мән береді. Жылқы басының мүсіні де мұның символы болып табылады.

Жылқы басының мүсініне қоса, су спорттары орталығы да 4 976,65 шаршыметрлік жабық алаңда салынған олимпиадалық стандарттардағы хауызымен Гиннесс рекордтары кітабына енді.

Футболдан «Ұлттық кубок 2017» турнирінде Баян-Өлгей құрамасы финалдық ойындарға жолдама алды - KAZNEWS
null 

Орхон аймағында (облыс - авт.) футболдан «Ұлттық кубок 2017» турнирінің іріктеу кезеңдері өтті, деп хабарлайды KAZNEWS Баян-Өлгий аймағының футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, жарысқа Моңғолияның 18 аймағынан (облыс-авт.) жасақталған құрама командалар қатысты. Баян-Өлгий аймағының футбол командасы іріктеу кезеңінде D тобынан екінші болып финалдық ойындарға жолдама алды.
null 

«Футболдан Баян-Өлгей аймағының құрама командасы алғаш рет өз тарихындағы жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр. Бұл аймағымызда футболды дамытуға болатынын көрсетіп отыр. Футболшыларымызға финалдық ойындарында тек ғана сәттілік тілейміз», - дейді Баян-Өлгей аймағының футбол федерациясының төрағасы Амантай Шәмшиұлы.

Соңғы жаңалықтар