Шыңжаңның Алтай аймағындағы шопандар күзеуге көшті - шетелдегі қазақ баспасөзі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.
None
None

Іле облысында 15 күндік өнер байқауы өтті - Іле ақпарат торабы

22 тамыз күні «Жаңа дәуірге үлес қосып, шұғылалы тың нәтиже жаратайық» деп аталатын Іле қазақ автономиялы облысының 2023 жылғы би, вокалдық ән, аспаптық музыка жарысының сыйлық тарату сауық кеші Іле Радио, телевизия мекемесінің концерт залында өткізілді. Бұл жолғы байқауға қатысып, сараланған 12 қойылым көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды Қытайдағы Іле ақпарат торабы.

Фото: kazakh.ylxw.com.cn Фото: kazakh.ylxw.com.cn Фото: kazakh.ylxw.com.cn Фото: kazakh.ylxw.com.cn

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, 15 күнге жалғасқан алғашы, қайталау, шешуші деп үш бөлімге бөлінген жарыстан соң Іле облысының би, вокалдық ән, аспаптық музыка жарысы сәтімен аяқтаған. Соған сәйкес 55 қойылымның ішіндегі ең үздіктері іріктелген. Құлжа қаласы сияқты 6 аудан үздік үштік қатарында марапатталған.

Фото: kazakh.ylxw.com.cn Фото: kazakh.ylxw.com.cn Фото: kazakh.ylxw.com.cn Фото: kazakh.ylxw.com.cn Фото: kazakh.ylxw.com.cn

Айта кету керек, бұл жолғы өнер байқауының қортынды концерті өткен зал көреремендерге лық толы болған.

Қазіргі Іле өңіріндегі өнер деңгейін әйгілейтін жарыс ретінде бұл жолғы байқауда аталған аймақтың өзгеше өңірлік мәдениетін, ұлттық рухын бейнелейтін дәстүрлі және тарихи мәдениетті ішкерілей ашатын жақсы туындылар жарыққа шықты. Бұл туындылар Іленің қазіргі экономикалық дамуының, елдің орнықтылығының көркем картинасын толық көрсетті.

Науаида «Түркі әдебиетінің жауһарлары» атты 100 томдық кітап сериясының тұсаукесері өтті - «ӨзА»

Фото: uza.uz

Абдулла Қадыри атындағы Науаи облыстық ақпараттық-кітапхана орталығында Өзбекстан Журналистер одағы және Өзбекстан Жазушылар одағының аймақтық бөлімшелері мен облыстық ақпараттық-кітапхана орталығы бірлесіп, «Түркі әдебиетінің жауһарлары» атты 100 томдық кітап сериясының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

Фото: uza.uz

Тұсаукесерге Өзбекстан Жазушылар және Журналистер одағының облыстық бөлімшелерінің төрағалары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, әскери қызметшілер, журналистер мен әдебиет сүйер қауым қатысқан.

Фото: uza.uz

Сонымен қатар, осы аптада «ӨзА» агенттігінде «Ташкентте атты кавалерия парады» өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Фото: uza.uz

Аталған БАҚ-тың дерегінше, 2023 жыл 26 тамызда Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Жаңа өмір үшін, Жаңа Өзбекстан үшін!» ұранымен қарулы күштер мен Өзбекстанның ат және ат спорты федерациясымен бірлесе отырып, Ташкент қаласында «Атты кавалерия парады» шарасы 2 қыркүйекте өтпек.

Шыңжаңның Алтай аймағындағы шопандар күзеуге көшті - «Халық» газеті

Фото: trt.net.tr

Осы аптада қытайлық «Халық» газеті басылымында «Шыңжаңның Алтай аймағындағы шопандар күзеуге көшті» деген тақырыптағы суретті ақпарат жарияланды.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Алтай өңірінің ірі мал шаруашылығы аймағы екені жұртқа белгілі. Жыл сайын күзде қоралы қой, табынды сиырларын айдаған шопандар жаз жайлауынан күздеуліктеріне қоныс аударады. Сосын күзеуден қыстауға қарай ауысады.

Қазақстандық футболшы Зайнутдинов Стамбулға келді - «TRT»

Фото: trt.net.tr

Біраз уақыттан бері «Бешикташ» командасы байланысқа өткен 25 жастағы қазақстандық футболшы келіссөздерді аяқтау үшін Стамбулға келді.

Стамбул әуежайында қазақ футболшысы Бахтияр Зайнутдиновты «Бешикташ» командасы вице-президенті Серхан Четинсая, клуб жанкүйерлері және спорт сүйер қауым қарсы алды, деп хабарлайды Түркия Радио Теледидар ақпарат агенттігі.

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, «Бешикташ» формасын киген Бахтияр Зайнутдинов қазақ туының алдында клубтың символы қара қыранмен суретке түскен.

Келісімшарт Зайнутдиновтың денсаулығын тексергеннен кейін жасалады.

Ресейдің ЦСКА командасында ойнаған қазақстандық футболшы өткен маусымда 27 ресми матчта бір гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

1998 жылы 2 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген Зайнутдиновтың нарықтағы құны – 6 миллион еуро.

Түркия Қазақстанда кеме зауытын салуға атсалысады - «Parstoday»

Фото: Parstoday

Түркия Қазақстанда кеме зауытын салуға инвестиция құяды. Бұл зауыт болашақта бір айлақ ретінде дамуы мүмкін. Бұл туралы осы аптада ирандық «Parstoday» ақпарат агенттігі хабарлаған.

Түркияның екі компаниясы Қазақстанның «Каспий» жобасын орындауды өз мойындарына алып, кеме жасау зауытын сала бастады. Кейін ол бір айлаққа айналады.

«Бұл зауытта Қазақстанның экономикасы мен теңіз күштеріне қажетті түрлі әскери және коммерциялық кемелер жобаланып жасалатын болады. Бұл жоба биылғы жылдың соңында немесе 2024 жылдың басында аяқталуы тиіс. Оралдағы Зенит зауыты – Қазақстанда кеме жасайтын басты компания. Ол патрульдік және зымырандық моторлы қайықтар шығарады», - деп түйіндейді ирандық баслым.

Оңтүстік Корея 300 мың шетелдік студентті тартуды көздейді - «Kaznews»

Фото: kaznews.mn

Оңтүстік Корея 2027 жылға қарай 300 000 шетелдік студенттің жергілікті университеттерде білім алуын, жоғары технологиялық салаларда жұмыс істеу дағдылары бар шетелдік жұмысшыларды алдын ала дайындауды және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп отыр, деп хабарлады моңғолиялық «Kaznews» ақпараттық порталы.

Аталған басылымның келтірген дерегінше, бұл мақсат университеттерге, бизнеске және аймақтық үкіметтерге көбірек шетелдік студенттерді тартуға және Кореядағы мансапты анықтауға көмектесуге бағытталған.

«Министрлік бұл жобаны шетелдік студенттерді тарту бойынша жаһандық бәсекелестік күшейіп жатқан кезде қолға алуды ұйғарды. Ұлыбритания 2030 жылға қарай 600 000 шетелдік студентті тарту үшін 35 миллиард фунт стерлинг (44,6 миллиард АҚШ доллары) инвестициялауды көздеп отыр, ал Франция 2027 жылға қарай 500 000 шетелдік студенттерді тарту үшін виза алу процесін жеңілдетуге тырысуда», деп жазады моңғолиялық басылым.

Айта кетейік, жоғары технологиялық салаларда білікті шетелдік жұмысшыларды алдын ала қамтамасыз ету үшін үкімет шетелдік студенттерге арналған Global Korea Scholarship бағдарламасын кеңейтеді және шетелдік зерттеушілерді жұмысқа орналастыру үшін университеттерге қаржылық қолдауды арттырады.

Сондай-ақ, осы аптада моңғолиялық «Kaznews»-те «Елші Д. Баярхүү моңғолиядан келген спортшылармен кездесті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланған.

Фото: kaznews.mn

Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Баярхүү таэквондодан әлем чемпионатына қатысып жатқан Моңғолия құрамасымен кездесті. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі де хабарлаған.

Моңғолиялық БАҚ-тың дерегінше, тамыздың 19-26 күндері Астанада өткен бұл жарысқа федерация басшылығы, жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі төрешілер мен спортшыларды қосқанда барлығы 50-ден астам адам қатысқан.

Айта кету керек, Елші Д. Баярхүү Халықаралық таэквондо федерациясының президенті Ри Ён Сонмен және басқа да жетекшілермен кездесіп, осы жарысты сәтті ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастық туралы пікір алмасқан.

Бұл жарыста моңғолиялық спортшылар 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алып, 87 елдің ішінде 7-орынға тұрақтаған.


Соңғы жаңалықтар