ШЫҰ Бас хатшысы: Азаматтардың денсаулығын қорғау және әлеуметтік қолдау институтын құру қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтардың денсаулығын қорғау және әлеуметтік қолдау институтын құру қажет. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев айтты.
None
None

«Бірлескен жобалар тізімі шамадан тыс көп болмауы тиіс. Оған шынайы талап етілетін әрі белгіленген мерзімді жүзеге асырылатын, сонымен қатар әлеуметтік бағыттағы ұсыныстар кіруі тиіс», - деді Д.Мезенцев.

Бас хатшының атап өтуінше, олардың қатарында ШЫҰ іскерлік кеңесі бұған дейін ұсынған емдеу ісіндегі классикалық еуропалық әлеует пен дәстүрлі қытай медицинасын ұштастыруға қабілетті Азаматтардың денсаулығын қорғау және әлеуметтік қолдау институтын құру, пациенттерді сауықтыру және аурулардың алдын алу бағыты бар.

«Бұл жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу тетіктерін жетілдіруге, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етуге, мүше мемлекеттер Төтенше жағдайлар министрліктерінің медициналық бөлімшелерінің өзара іс-қимылдар әлеуетін еселей түсуге мүмкіндік берер еді»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар