ШЫҰ бас хатшысы Ганьсу провинциясының губернаторы Линь Дуомен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 7 шілде күні Ланьчжоу қаласында ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов Ганьсу провинциясының губернаторы Линь Дуомен кездесті, деп хабарлады ШЫҰ хатшылығының баспасөз қызметі.
None
None

Губернатор Линь Дуо ШЫҰ құрылғанынан бері 15 жылдың ішінде кең-байтақ Еуразия кеңістігінде әлеуметтік-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық алмасуларды тереңдетуде қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады. Әңгіме барысында губернатор провинцияның әлеуметтік-экономикалық дамуын және болашағын сипаттады. Өңірдегі халық игілігі үшін «Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғырту  аясында Ганьсу провинциясы мен ШЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту көзделді.

ШЫҰ бас хатшысы Р.Алимов губернаторға 23-24 маусымда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ШЫҰ саммитінің қорытындылары және «шанхай бірлігі» елдері арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту туралы  Ұйым жұмыстарының негізгі бағыттары жайлы әңгімеледі.

ШЫҰ бас хатшысы Қытай тарапының шақыртуымен ХХІІ Ланьчжоу сауда-инвестициялық жәрмеңкесіне қатысып, сөз сөйлеу үшін Ганьсу провинциясына келген болатын.

Ганьсу провинциясы Қытайдың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.  

Соңғы жаңалықтар