ШЫҰ біртіндеп Ұйымға мүше мемлекеттердің даму факторына айналуда - Б.Жексембин

КЕНТ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Құрмат Смаархан/ - Шанхай Ынтымақтастық ұйымы біртіндеп ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің даму факторына айналуда.
None
None

Бұл туралы Өзбекстан астанасында өткен брифинг барысында ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин мәлім етті.

2010 жылдың 12 маусымынан бері Қазақстан Республикасы Шанхай ынымақтастық ұйымына төрағалық етуін бастады. Қазақстан осы Ұйымның мерейтойлық жылында төрағалық етіп, құрметті әрі жауапты миссияға ие болып отыр. Ұйымның 10 жылдығына арналып 2010 жылғы 15 маусым күні Астанада өтетін ШЫҰ мүше мемлекет басшыларының Саммиті қазақстандық төрағалықтың шырқау шегі болады, деп хабарлады елші.

ҚР елшісі атап өткендей, Ұйым Ауғанстандағы жағдайға баса назар аударып отырады.

«Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі рөлін, сонымен қатар Ислам Конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі еліміздің алдағы төрағалығын осы ірі аймақтық форумдардың Шанхай ынтымақтастық ұйымымен өзара іс-қимылын кеңейту үшін пайдалануға мүдделі», - деді Б.Жексембин.

Соңғы жаңалықтар