ШЫҰ елдері Астана консенсусына қол қоймақ
Мәдени форум барысында ШЫҰ елдері Астана консенсусына қол қоймақ. Бұл туралы Қытай Жібек жолы қорының басқарма төрағасы, «Синьао» корпорациясының вице-президенті Цзинь Юншэна мәлімдеді.
«Пленарлық отырыстан кейiн бізде тағы 3 секциялық отырыс болады. Олардың тақырыбы мәдениет саласының жекелеген секторларын қамтиды. Форум қорытындысы бойынша, Астана консенсусы атты құжатты ұсынамыз. Ол Жібек жолы бойындағы елдердiң мәдени ынтымақтастығына арналған», - дейді Цзинь Юншэна.
Аталған құжат Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ұзақ мерзімді халықаралық мәдени ынтымақтастық пен көпжақты байланыстың жаңа платформасын құруға бағытталған. Форум қатысушыларының айтуынша, ШЫҰ елдерін біріктіретін мәдени қоғамдастықтың бір қырына айналған.
Үш күнге созылатын шараға iрi мұражайлар, театр басшылары, ғалымдар, мәдени қайраткерлер, танымал саясаткерлер, халықаралық ұйым өкiлдерi қатысуда.