ШЫҰ елдерінің бірігуі, Ұлы Жібек жолының қайта жандануы Қазақстанға зор басымдықтар береді - Н.Назарбаев

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің бірігуі, Ұлы Жібек жолының қайта жандануы Қазақстанға зор басымдықтар береді. Бұл туралы бүгін ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің
None
None

отырысына қатысқаннан кейін қазақстандық БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Бүгін ШЫҰ-ның маңызды, тарихи мәні бар саммиттерінің бірі өтті деп санаймын. Ұйымды құру бастамасын көтерушілердің бірі ретінде Қазақстан сол кездері Қытаймен шекара бойынша территориялық мәселелерді шешіп жатқан 5 республикалармен қатар оның құрылуы бастауында тұрды. Бүгінде біздің ұйымымыз экономикалық ынтымақтастықты дамыту басымдықтарының бірі саналады. Экономикалық және саяси тұрғыда маңызды әлемдік ойыншыға айналды», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы  саммит аясында ұйымға  Үндістан мен Пәкістанның кіруі бойынша маңызды құжаттарға қол қою орын алғандығын атап өтті.

«Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға қосылуының арқасында ол Еуразия аумағының  үлкен бөлігін, жер шары халқының жартысын және әлемдік экономиканың 20 пайызын қамтитын барынша жаһандық ұйымға айналды. Көліктік-логистикалық пункттер арқылы ШЫҰ-ға мүш- мемлекеттердің бірігуі, біздің елдеріміздің экономикалық шекараларын ашуы және Ұлы Жібек жолының қайта жандануы Қазақстанға болашақта зор басымдықтар береді», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар