ШЫҰ елдерінің Жоғарғы сот төрағалары келесі жылы Қазақстанда бас қосады

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - ШЫҰ елдерінің соттары Мәскеуде өтіп жатқан кеңесте сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін, сондай-ақ есірткі қылмыстарымен байланысты істердің қаралу тәжірибесін талқылауда, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше,. бұл күндері Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларының VIII кеңесі өтіп жатыр. Қазақстандық делегацияның жетекшісі, Жоғарғы соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров өз сөзінде, есірткі қылмыстарымен байланысты істерді қарау кезіндегі ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту және нығайту жөніндегі табанды субөңірлік шаралар қабылдайтын кездің жеткенін атап көрсетті.

«Есірткі қылмыстары проблемасы бір ғана мемлекеттің проблемасы болудан қалғалы қашан. Бұл мәселе бойынша біздің елдеріміздің сот инстанциялары арасында тығыз және кәсіби өзара іс-қимыл өте қажет», - деді Е.Әбдіқадыров өз сөзінде.

«Қазақстанның Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай елдеріне қатысты транзиттік жағдайда екенін ескерсек, нашақорлық пен есірткі бизнесі Ортаазиялық өңірге жайылған трансшекаралық проблемаға айналып отыр», - деді ол.

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің Жоғарғы сот төрағаларының келесі, тоғызыншы кеңесі 2014 жылы Қазақстанда өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ елдері Жоғарғы сот төрағаларының алғашқы кездесуі 2006 жылы Қытайда өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар