16:59, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының келесі кеңесі 2015 жылы Қытайда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының келесі кеңесі 2015 жылы Қытайда өтеді. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен аталған кеңес отырысының қорытындысына арналған брифингте ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2015 жылы Қытайда өтетіндігін атап айтқым келеді», - деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, екіжақты кездесу барысында Қытай тарапы ҚР Үкіметіне шикізаттық емес сектор қуаттарын көшіру жобасын Қазақстан аумағында жүзеге асыруды ұсынған. Бұл миллиардтаған долларды қамтитын ондаған кәсіпорынды құрайды.
«Біз бұл ұсынысты қабыл алдық. Біздің ойымызша, экономикалық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бұл өте жақсы ұсыныс», - деді К.Мәсімов.