ШЫҰ қатысушы-мемлекеттері Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – Бүгін Мәскеуде ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында ШЫҰ қатысушы-мемлекеттері сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Екатеринборда 2009 жылғы маусымның 15-і мен 16-сы аралығында өткізу жоспарланып отырған ШЫҰ мүше-мемлекеттері басшыларының отырысына даярлыққа қатысты мәселелерді қарайды. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің министрлері ұйымның тұрақты органдары қызметтерінің ұйымдастыру жұмыстары бойынша бірқатар шешімдер қабылдайтын болады. Бүгінгі күні 2001 жылы «Шанхай бестігінің» (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан) базасында құрылған, оған Өзбекстан қосылған ШЫҰ-ға мүшелік Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Соңғы жаңалықтар