ШЫҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін талқылайды

None
None
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 29 сәуірде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының алтыншы кездесуі өтеді. Бұл туралы бүгін болған апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов айтты.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, бұл жиынға Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан Қауіпсіздік кеңесі хатшылары, сондай-ақ Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің мүшесі-Қоғамдық қауіпсіздік министрі, ШЫҰ-ның хатшылығы және аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының басшылары қатыспақ.

«Бұл кездесу барысында Ұйым кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен күрес мәселелері бойынша ынтымақтастықты тереңдету тұрғысында пікір алмасулар болады»,- деді А. Абдрахманов.

Соңғы жаңалықтар