ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымының Атқарушы комитетін бірқатар маңызды және жауапты міндеттер күтіп тұр - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Жанат Жарасов бұл туралы сейсенбі, қаңтардың 5-і күні Атқарушы комитеттің жаңадан тағайындалған директоры Жеңісбек Жұманбековты таныстыру кезінде мәлім етті.
Генерал-майор Жанат Жарасов өз сөзінде «аймақ мемлекеттері мен маңайдағы елдердегі жағдай Шанхай ынтымақтастығы ұйымы кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі шараларды қабылдауды әрі қарай жалғастыру қажеттілігін талап етіп отыр»,- деп атап көрсетті.
«Жақын болашақта біз ШЫҰ елдерінің 2010-2012 жылдарға арналған лаңкестікпен, сепаратизм және экстремизммен күресудегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру міндеті күтіп тұр. Бұл Бағдарламаны біздің мемлекет басшыларымыз бекітті және біз олардың сенімдерін ақтауымыз керек», деп атап көрсетті Ж.Жарасов.
Сонымен бірге, «Шанхай-ЭКСПО» дүниежүзілік көрмесінің, Қытайда және Қазақстанда өтетін жазғы және қысқы Азиада ойындарының қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету міндеті тағы бар, деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Жанат Жарасов өз сөзінде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Жанат Жарасов бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің жаңа директорын таныстырды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің шешіміне сәйкес, 2010 жылы қаңтардың 1-інен бастап Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылым Атқарушы комитетінің директорлығына үш жылдық мерзімге Қазақстанның өкілі генерал-лейтенант Жеңісбек Жұманбеков тағайындалды.