ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтуде.
None
None

Отырысқа ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Ресей Премьері Дмитрий Медведев, Қырғызстан Премьері Джоомарт Отарбаев, Тәжікстан Премьері Кохир Расулзада, Өзбекстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов және Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян қатысуда.

Сағат 14-20-да Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтетіндігі күтілуде.

Ал ресми шаралар аяқталғаннан кейін құжаттарға қол қою рәсімі болады. Одан кейін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцевтің БАҚ өкілдеріне брифингі жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар