Си Цзиньпин Қазақстан Президентімен өткізген келіссөздерді жоғары бағалады

«Қазір ғана Қазақстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда достыққа толы әрі ашық келіссөздерді табысты өткіздік. Өзара мүддемізге сай келетін әлемдік және өңірлік өлшемдер бойынша сан қырлы ынтымақтастықтың екіжақы қарым-қатынасына қатысты тыңғылықты пікір алмастық. Көптеген уағдаластыққа қол жеткіздік. ҚХР мен Қазақстан арасындағы бірлескен мәлімдемеге қол қойдық», - деп атап өтті Си Цзиньпин.
Сонымен қатар ол өзінің Жібек жолы экономикалық белдеуі бастамасын алғаш рет Қазақстанда көтергенін, оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдау білдіргенін баса айтты.
«Басты басымдық Қытай - Орталық Азия мен Таяу Шығыс» жаңа еуразилық құрлықаралық көпірін салу болмақ. Мұнан бөлек, Жібек жолы бастамасы мен Цифрлық Қазақстан стратегиясын түйіндестіру де маңызды. Бұл жоспар екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығының жаңа құрылымын құруға септігін тигізеді», - деді ҚХР Төрағасы.