Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР басшысы болып қайта сайланды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ, парламент) депутаттары Си Цзиньпиньді үшінші бес жыл мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне сайлады. Бұл туралы жұма күні «Синьхуа» агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: REUTERS

ЖХӨЖ депутаттары дауыс беру кезінде бірауыздан Си Цзиньпиньді қолдады.

Сондай-ақ Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды.

Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэцзи Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны Тұрақты комитеті – елдің жоғарғы заңнамалық органының төрағасы қызметіне сайланды.

Сонымен қатар ЖХӨЖ депутаттары Хань Чжэнді ҚХР төрағасының орынбасары лауазымына сайлады.

Дауыс беру 14-шақырылым ЖХӨЖ бірінші сессиясының үшінші пленарлық отырысы кезінде өтті.

2023 жылдың 5-13 наурызы аралығында Бейжіңде жыл сайынғы ЖХӨЖ сессиясы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар