Си Цзиньпин Гонконгтағы өртке байланысты көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай төрағасы Си Цзиньпин Гонконг арнайы әкімшілік аймағындағы (АӘА) тұрғын ғимараттарындағы ірі өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Си Цзиньпин
Фото: ТАСС

Қытай көшбасшысы Гонконг АӘА Орталық халық үкіметі байланыс кеңсесінің директоры аймақ губернаторы Ли Цзячаоға көңіл айтуды тапсырды.

Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Гонконг және Макао істері жөніндегі кеңсесі мен Гонконг арнайы әкімшілік аймағындағы АӘА Орталық халық үкіметінің байланыс кеңсесінен өртті сөндіру, іздеу-құтқару жұмыстарын барынша тиімді жүргізу, жарақат алғандарды емдеу және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету үшін барлық қажетті шараны қабылдауда жергілікті әкімшілікке қолдау көрсетуді талап етті.

Гонконгтағы Орталық Халық үкіметінің байланыс кеңсесі АӘА үкіметімен тығыз байланыста болып, құтқару жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсету үшін төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы жұмыс тобын құрды.

Сәрсенбі күні Гонконгтың солтүстігіндегі Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде болған ірі өрт 44 адамның өмірін қиды. Жүздеген тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Жарақат алған 29 адам ауруханада жатыр, олардың жетеуінің жағдайы өте ауыр.

Бұған дейін Гонконгтың Тай По ауданындағы «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінде тілсіз жаудан мерт болғандардың саны 44 адамға жеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар