09:03, 11 Маусым 2025 | GMT +5
Си Цзиньпин Қазақстанға сапармен келеді
АCТАНА. KAZINFORM - 16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.
Айта кетейік, Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп салуға шақырды.