Си Цзиньпин Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Корей түбегінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында КХДР-мен үйлестіруді одан әрі нығайтуға дайын. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде өткен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен келіссөз барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Си Цзиньпин Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізді
Фото: Xinhua

– Қытай мен КХДР халықаралық және аймақтық істерде стратегиялық үйлестіруді күшейтіп, екі елдің ортақ мүдделерін қорғауы керек... Қытай әрқашан объективті және бейтарап ұстанымды ұстанады және түбекте бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін КХДР-мен үйлестіруді одан әрі нығайтуға дайын, - деп келтірді Синьхуа агенттігі Си Цзиньпиннің сөзін.

Ким Чен Ын өз кезегінде...«халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, КХДР мен Қытай арасындағы достық өзгеріссіз қала береді... КХДР екіжақты қарым-қатынасты үздіксіз тереңдету мен дамытуды берік ұстанады» деп атап өтті.

– КХДР жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін Қытаймен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын», - деп келтірді Синьхуа агенттігі Ким Чен Ынның сөзін.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын жеке пойызымен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығын мерекелеуге қатысу үшін Бейжіңге аттанғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар