Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады

АСТАНА.KAZINFORM - Қытай төрағасы Си Цзиньпин 30 тамызда Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды агенттіктің Бішкектегі тілшісі.

Си Цзиньпин посетит Кыргызстан с госвизитом
Фото: Синьхуа

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында Қырғызстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Сапардан кейін бірқатар мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қою жоспарланған.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Қырғызстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

- Қытай төрағасының алдағы мемлекеттік сапары берік достыққа, өзара сенімге және қолдауға негізделген қырғыз-қытай қарым-қатынасын одан әрі нығайтудағы маңызды кезең болады, - делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 31 тамызынан 1 қыркүйегіне дейін Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

Қазақстан Қырғызстанның ШЫҰ-дағы бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді.

ШЫҰ саммитіне байланысты Бішкек тұрғындарына қаладан уақытша кетуге кеңес берілді.