15:16, 27 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Си Цзиньпин Президентке көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Берік Уәли Президенттің жыл бойғы қызметіне шолу жасағанын жазған болатынбыз.