20:08, 05 Мамыр 2024 | GMT +5
Сианьнан Алматыға туристік жолаушылар пойызы жіберіледі
АСТАНА. KAZINFORM - Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань - Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланды.

Көлік министрлігінде өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге, сондай-ақ туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер әңгіме арқауына айналды.
Осыған дейін Алматыдан Қытайдың Сиань қаласына ұшақ қатынайтынын жазған болатынбыз.