14:07, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Сібірде 23 мың гектардан астам орман жанып жатыр
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Сібірде 23 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр, әсіресе Томск облысындағы жағдай күрделі,

деп хабарлады Ресей ТЖМ.
Облыста бір тәуліктің ішінде өртенген алқап 16 пайызға өсті және 10 мың гектарды құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ауыр авиация мен тікұшақтар жұмылдырылған. Олар бір күннің ішінде 1 мыңнан астам тонна су жұмсады. ТЖМ-нің берген мәліметтеріне қарағанда, тұрғындар зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ Краснояр аумағында да жағдайы тұрақсыз. Ол жерде 12,5 мың гектардан астам жер өртеніп жатыр. Жалынды ауыздықтауға өңірге әскери Ил-76 ұшақтары келді.