Силикон алқабындағы компанияларда күніне 1600 адам жұмыссыз қалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Amazon, Facebook және Salesforce компаниялары экономикалық дағдарыс салдарынан қызметкерлерін жұмыстан босату бойынша тізімде көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Breitbart News-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың басынан бастап штаб-пәтері Калифорния штатында орналасқан жоғары технологиялық компанияларда мамандарды жұмыстан қысқарту үрдісі белең алған. Орташа есеппен күніне 1600 техникалық қызметкер жұмысынан айырылады.

Статистикаға сәйкес, тек 2022 жылы желтоқсан айының 15 күнінде әлем бойынша 91 компания 24 151 қызметкерін жұмыстан шығарды. Бұл 154 256 қызметкердің шамамен 15,6 пайызын құрады.

2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың қаңтарына дейін антирейтингті Amazon, Facebook (Meta деп өзгертілді) және Salesforce басқарды, олар сәйкесінше 18 мың, 11 мың және 8 мың қызметкерді жұмыстан шығарды.

Salesforce бас директоры Марк Бениоф өз компаниясының қызметкерлерін қысқарту себебін пандемия кезінде шамадан тыс қызметкерлердің жұмысқа қабылдануына байланысты болып жатқан экономикалық дағдарыспен байланыстырды.

Әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs өткен аптада бүкіл әлем бойынша 3 мың қызметкерін жұмыстан шығаруды бастады, ал BlackRock халықаралық инвестициялық компаниясы 500 лауазымға дейін қысқартты.


Фото: istockphoto.com

Соңғы жаңалықтар