Silk Power 2026: әлемді өзгертетін жұмсақ күш

АСТАНА.KAZINFORM — Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені «Дара» президенттік бастамалар қорының қолдауымен ұйымдастырған Silk Power атты іс-шара өтті.

Silk Power 2026. Әлемді өзгертетін жұмсақ күш
Фото: Kazinform

Кездесу Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Талқылаудың негізгі тақырыбы — дәстүрлі құндылықтар, жасампаз амбициялар және цифрлық трансформация үйлесім тапқан заманауи әйелдің табыс формуласы болды.

Silk Power 2026. Әлемді өзгертетін жұмсақ күш
Фото: Kazinform

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Silk Power — жұмсақ күштің жаһандық өзгерістердің маңызды құралына қалай айналып жатқанын көрсететін бастама. Бүгінде Ұлы даланың әйелдері — отбасы мен мансаптың арасында таңдау жасамай, мағына, эмпатия және кәсібилік маңызды орын алатын жаңа шынайылықты қалыптастырып жүрген көшбасшылар.

Silk Power 2026. Әлемді өзгертетін жұмсақ күш
Фото: Kazinform

Silk Power алаңы медицина, медиа, коммуникация саласының мамандарын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық сектор өкілдерін қоса алғанда, әртүрлі саладағы әйелдерді біріктірді.

Акмарал Альназарова
Фото: Kazinform

Ұйымдастырушылар атап өткендей, қатысушылардың түрлі өмір жолы, тәжірибесі және өзін-өзі жүзеге асыруының әрқилы формалары ортақ бірлікке — саналы, кемел және жасампаз қауымдастыққа негіз болды.

Silk Power 2026. Әлемді өзгертетін жұмсақ күш
Фото: Kazinform

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум