12:16, 14 Маусым 2016 | GMT +5
Silk Way-2016 байқауының жүлдегерлер үштігінде - Украина, Израиль және Қазақстан бишілері
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық Оқушылар сарайында спорттық баллдық биден Silk Way-2016 халықаралық жарысының қорытындысы шығарылды. Дүниежүзілік фестиваль Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан және т.б. елдердің өкілдерінің басын қосты, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Украина бишілері бірінші орын алды. Израиль екінші орында, ал қазақстандықтар қола медальді қанағат тұтты.
7-17 жастағы балалар барлық аталымдарға қатысты. 17 жасқа дейінгілер 7 аталымда шеберлік байқасты - қазіргі заманғы хореография, әлем халықтарының биі, стильді халық биі, балалар, классикалық және эстрадалық би, сондай-ақ, би шоуы.
- Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің балалар өзге елдерден келген қатысушылардан еш кем емес. Техникалық жағынан да, костюмдерімен де. Сондай-ақ, биыл жас санаттары өзгертілді, турнирге кіші топты да қатыстырдық, - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.