Silk Way Star байқауының финалында Әзербайжан мен Армения өкілдерінің арасында қызықты жағдай болды
АСТАНА.KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан бірінші азиялық вокалдық жоба - Silk Way Star байқауы барысында жүрек тебірентер жағдай болды. Әзербайжандық әділқазылар алқасының мүшесі Самира Эфенди байқауға қатысушыға ең жоғары 12 ұпай берді.
-Бүкіл әлемде достық орнасын. Мен саған ең жоғары 22 ұпай бердім,-деді ол.
Осыдан соң Саро Геворгян сахнадан түсіп, Самира Эфендиді құшақтады.
Әртістер бір-біріне жылы сөздер айтып, сыйластық мен қолдаудың үлгісін көрсетті.
Тамызда Әзербайжан мен Армения әскери қақтығысты тоқтату туралы декларацияға қол қойды. Жақында Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейбітшілік Алматы декларациясы негзінде орнағанын айта келе Қазақстан президентіне алғысын білдірді.
Айта кетейік, осығаен дейін қытайлық композитор Хун Бин Silk Way Star жобасы мәдениеттердің тоғысу алаңына айналғанын айтты.
Айта кетейік, Jibek Joly телеарнасынан Азияның алғашқы вокалдық мегажобасы — Silk Way Star-дың финалдық шоуы трансляциясы өтіп жатыр. Жоба көрсетілімі шамамен 1 млрд адамды қамтиды.
Финал Әзербайжанның Space TV, Тәжікстанның «Сафина», Қырғызстанның «Музыка» және «Маданият», Моңғолияның UBS және «АИСТ Глобал», Өзбекстанның Zor TV және Грузияның Georgian Times арналарынан көрсетіліп жатыр.