Silk Way Star: Екі кезеңнің үздігі кім
АСТАНА. KAZINFORM – Silk Way Star жобасының екінші кезеңі аяқталды. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша Малайзия елі әлі де топ бастап тұр.

Бүгін 12 мемлекеттен келген қатысушылар тартысты өнер көрсетті. Jibek joly телеарнасында көрермен назарына жол тартқан жобаның кезекті санында қатысушылар шетелдің үздік әндерді орындап, тыңдармандарды қуантты.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушылар:
1. Қазақстан – 124 ұпай
2. Армения – 124 ұпай
3. Оңтүстік Корея – 120 ұпай
4. Моңғолия – 118 ұпай
5. Тәжікстан – 116 ұпай
6. Малайзия – 114 ұпай
7. Грузия – 112 ұпай
8. Қырғызстан – 110 ұпай
9. Қытай – 108 ұпай
10. Өзбекстан – 108 ұпай
11. Әзербайжан – 106 ұпай
12. Түркіменстан – 104 ұпай жинады.
Ал жалпы есеп төмендегідей:
1. Малайзия – 240 ұпай
2. Қазақстан – 236 ұпай
3. Грузия – 232 ұпай
4. Өзбекстан – 230 ұпай
5. Армения – 230 ұпай
6. Қырғызстан – 224 ұпай
7. Түркіменстан – 224 ұпай
8. Қытай – 222 ұпай
9. Моңғолия – 222 ұпай
10. Тәжікстан – 222 ұпай
11. Оңтүстік Корея – 212 ұпай
12. Әзербайжан – 210 ұпай
Айта кетейік, бүгінгі есеп бойынша ел намысын қорғап жатқан Alem 124 ұпай жинап, үздік атанды.