Silk Way Star еуропалық сарапшыларды жоғары кәсібилігімен таңғалдырды

АСТАНА.KAZINFORM - Silk Way Star байқауы аймақтан тыс жерлерде де көрермен назарына ілікті. Еуропалық сарапшылар жобаның дайындық сапасы мен мәдени маңызын жоғары бағалап жатыр, - деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Silk Way Star отличается своим профессиональным содержанием — взгляд из Европы
Фото: Арнур Рахимбеков/Kazinform

Бельгиялық дизайнер Елена Ван Харитонова шоудың форматы ауқымы мен көрсетілімі бойынша еуропалық сахналарды еске түсіретінін атап өтті.

- Мен 12 елден келген қатысушылардың өнері мен образын, жүргізушілердің образын қазылар алқасының образын түгел қарап шықтым. Қызықты сәттер өте көп. Жас қатысушылардың этнодинамиканы, заманауи хип-хоп пен классикалық мотивтерді өз образдарында, сахналық костюмдерінде қалай үйлестіре алғанын байқадым, - деді ол.

Оның айтуынша, шоудың кейбір элементтері «Евровидение» атмосферасын еске түсіреді.

- Мен сондай-ақ Орталық Азия мен бүкіл Жібек жолында әйгілі болған алтын кесте үлгісін көріп тұрмын. Мәселен, жүргізушілер сондай костюм үлгісін таңдаған. Түстер мен жарықтандыру да өте әсерлі, - деген баға берді дизайнер.

Сарапшы қатысушылардың таланты мен күш-жігерін жоғары бағалап, оларды «өз елдерінің жарқын және шынайы өкілдері» екенін айтты.

Бұған дейін Silk Way Star ән байқауының финалистері анықталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар