Silk Way Star: үшінші эпизодтың нәтижесі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының үшінші эпизодынан кейінгі нәтижелер белгілі болды.

Silk Way Star: үшінші эпизодтың нәтижесі белгілі болды
Фото: instagram.com/silkway.star

Silk Way Star байқауына қатысушылар қазақстандық хиттерді өз ана тілдерінде орындады.

Үш эпизодтың жалпы нәтижесі келесідей:

  1. Қазақстан — 354 балл

  2. Грузия — 338 балл

  3. Армения — 334 балл

  4. Өзбекстан — 332 балл

  5. Малайзия — 330 балл

  6. Қытай — 330 балл

  7. Оңтүстік Корея — 330 балл

  8. Моңғолия — 330 балл

  9. Тәжікстан — 326 балл

  10. Қырғызстан — 324 балл

  11. Түркменстан — 318 балл

Осылайша, осы аптада Silk Way Star жобасынан Түркменстаннан келген қатысушы Довран Шаммиев шығып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада байқауды Әзірбайжан өкілі Сабина Заде аяқтаған болатын.

Екінші эпизодтың көшбасшылары болып ALEM (Қазақстан) мен Саро Геворгян (Армения) танылды, үшінші орынды Kandis тобы (Оңтүстік Корея) иеленді.

Бұған дейін хабарланғандай, Silk Way Star жобасына филиппиндік TikTok жұлдызы келді.

Соңғы жаңалықтар