Silk Way телеарнасы Президенттің сапарлары туралы ағылшын тілінде арнайы репортаж жасайды

Телеканал Silk Way
Фото: Silk Way телеарнасы

АСТАНА. KAZINFORM – Silk Way телеарнасы Мемлекет басшысының шетелге сапарлары мен әлемдік көшбасшылардың Қазақстанға сапарлары туралы ағылшын тілінде арнайы репортаж жасайтын болады. Бұл туралы Берік Уәли өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды - деп хабарлайды Kazinform.

«Жоба ұжымы сапарлардың барысы мен ондағы күн тәртібін бақылап, тікелей оқиғалар ортасында болып, жауапты спикерлермен сұхбаттасады. Жоғары деңгейдегі келіссөздер мен кездесулердің эксклюзивті кадрлары „Reporter with President“ бағдарламасының назарынан тыс қалмайды. Жоба ҚР Президентінің телерадиокешенінің құрамына кіретін Silk Way телеарнасында көрсетіледі»,- деп жазылған хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар